Әбдірахманға

Бұл бетте «Әбдірахманға» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.03.2019
  • 0
  • 1
  • 15120
Алланың рахматын
Жар тұтып әр неге,
Әр Рахман ол атын
Үйреткен жүмлеге.
Дұғаның қуатын
Жіберме өңгеге.
Әбіштің сыйххатын
Беркітсең кеудеге.
Рәушан сипатын
Тез көрсет пендеге.
Осындай шапқатын
Ұмытам мен неге?
Зар хатым — бұл хатым,
Бізді тыныш жүр деме.
Азайып қуатым,
Денем жүр көрмеге.
Бұл — жазған сұңғатым,
Көңіл ашар бір наме.
Менің сол рахатым
Көзіме сүрмеге.


Пікірлер (1)

Очень интиресная

Ол өте қызық советкую

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбдірахманға өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Әбдірахманға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбдірахманға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбдірахманға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері