Өлең, жыр, ақындар

Отан

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1052
Туған Отан, сарқылмайтын сен жырым,
Шабыт берді, шалқар, шетсіз кеңдігің.
Кеудемдегі саған деген жалынды,
Жеткізе алмай жүргендеймін мен бүгін.
Туған Отан, асқар биік тауым сен,
Арай шашып атқан алау таңым сен.
Құшағыңда қуаныштан мың толқып,
Шырқайтұғын мәңгі бақи әнім сен!
Аспанымда күліп тұрсың күнім боп,
Саған деген жүрегімде жырым көп.
Болашаққа барады әне жарысып,
Перзенттерің уақытпен дүбірлеп.
Туған Отан – өмірімнің өлеңі,
Айтып болмас шабытқа шын бөледі.
Бақытымды көрдің бе деп, әлемге
Бар даусыммен айғай салғым келеді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кереңдік

  • 0
  • 0

Естуімше ел оны «есті» дейді,
Ескермеген, есірік, еш дүлейді.
Сыбырлағын, мейлің сен, айқайлағын,
Құлағы оның ештеңе естімейді...

Толық

Мен соғысты көргем жоқ

  • 0
  • 1

Соғыс деген суық үн,
Соғыс деген күз, қайғы.
Соғыс десе буыным,
Сынбай тұрып, сыздайды...

Толық

Менің де жайлап жаққан бір отым бар

  • 0
  • 0

Менің де жайлап жаққан бір отым бар,
Қонақ боп қайтам десең, жүр, ақындар.
Еске алып бір досымды жыласам мен,
Жабылып жырмен бәрің жұбатыңдар!

Толық