Ақ сүт – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ақ сүт» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2018
  • 1
  • 0
  • 2728
Ақ сүт, алғашқы мен емген,
Аналық аспанды көкірек.
Қан тамыр айналған денеден,
Ембеймін сәби боп екі рет...
Ақ сүт, тіршілік талшығы,
Сол үшін мен оған бас ұрам.
Ақ сүт, мөп-мөлдір таң шығы,
Аналық бойдан тасыған.
Ақ сүт, ақ теңіз шешемнің,
Ақ төсін айырып басталған.
Күніге өлшеусіз неше емдім,
Кезім жоқ өмірде аш қалған.
Ақ сүт, алғашқы анадан,
Мейірім бұлағы тараған.
Ол сәуле оянған санадан,
Сарқылмас мен одан нәр алам.
Ақ сүт, тазалық ардағы,
Алаңсыз қаймағы шаттықтың.
Ақ сүт әлемнің арманы,
Азығы ол балалық пәктіктің.
Ақ сүт, адамды уаттың,
Бірімін адамның уанған.
Ақ сүт, көктегі шуақ күн,
Тіршілік тамырын суарған.
Жер-ана саусағы гүл өрген,
Сабағын күн тарап көктеген.
Өтеусіз өміріме бір емген,
Анамның ақ сүтін көп көрем.
Ақ сүтті кірлеуден сақтанам,
Ақ сүтті ақ сүтпен ақтаймын.
Аналар ақ сүтін сатпаған,
Мен де оны балама сатпаймын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ сүт өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ақ сүт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ сүт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ сүт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері