Сыр шертісіп атырар қымбат таңға – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сыр шертісіп атырар қымбат таңға» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 627
Сыр шертісіп атырар қымбат таңға,
Жетер ме едік сен келіп тіл қатқанда.
Көңілімді алады күдік билеп,
Ала таудан алаулап күн батқанда.

Кірпік ілмей өтетін жұмақ бір түн,
(Сезіміме лап еткен тұзақ құрдым)
Сол бір кештің елесін көрейін деп,
Алматы көшесінде ұзақ тұрдым.

Бұлтқа басын тау жатса тйеп алып,
(Баяғыдай қайың бас ійеді анық)
Бір-біріне асыққан жүректерді,
Дөңгелектер тасиды тйеп алып.

Баяғыдай жұлдыздар шашылулы,
Ай ұмытқан тұлғасын жасыруды.
Жақсылығы көп болсын жамандықтан,
Дөңгелектер бір жаққа асығулы.

Толсын деймін бар кеуде үміттерге,
Тозар көңіл төзімді үгіткенде.
Кешке шейін кім білсін жұмыста боп,
Жұбайына асыққан жігіттер ме?

Бір-бірінің сенімін ақтап алып,
Төгілуге моншақтар шаққа қалып,
Арманына қол жеткен ғашықтар ма,
Қайтайық деп асыққан баққа барып.

Салқын самал еседі дала жақтан,
(Сенім кетсе шілдеде болады ақпан)
Сезім билеп өн-бойын жарын алдап,
Пысықтар ма басқаға бара жатқан?

Намыс үшін ел болып дауыс қылған,
Ұждандылық ездікке ауысты ұлдан.
Арулар ма бағасын сұлулықтың,
Төмендетіп теңгеге ауыстырған?

Баяғыдай жұлдыздар шашылулы,
Ай ұмытқан тұлғасын жасыруды.
Жақсылығы көп болсын жамандықтан,
Дөңгелектер бір жаққа асығулы…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыр шертісіп атырар қымбат таңға өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Сыр шертісіп атырар қымбат таңға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыр шертісіп атырар қымбат таңға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыр шертісіп атырар қымбат таңға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері