Өлкем менің – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Өлкем менің» атты Серік Әкірамұлы жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1807
Бұлт емген шыңы көктен,
Көбелек гүлін өпкен.
Ғажап қой жаздың жұпар,
Жадырап күні жеткен.
Көгорай жапқан кілем,
Асыр сап шаттандым мен.
Шырылдап шегірткесі,
Түрлі күй тартқан кілең.
Қол жетер тұста жақын,
Тоқтатып құс қанатын.
Тамсанып төмен қарар,
Бұл жерге құштар әркім.
Бұл көркем туған жерім,
Құлпырған гүл дала едің.
Талпынып өскен тауға,
Еңселі тұлғалы ерің.
Көз тұнған көркем белің,
Сенде өсіп, өркендермін.
Ұқтырған қасиетін,
Құт тұнған өлкем менің.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлкем менің өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Өлкем менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлкем менің өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлкем менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері