Бұл бетте «Күлемін» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күлемін,
Несіне күлемін,
Безерді,
Жаралы жүрегім.
Баянсыз бақытым
Кешіккен,
Сені ойлап тағы да
Жүдедім.
Кім едім,
Осы мен кім едім.
Жыр елін аралап
Жүр едім.
Ниетке ұласып тілегім,
Жанымның іздедім
Бір емін.
Сүремін,
Өмірді сүремін.
Санама түнеме,
Түне мұң.
Қарайды кім қалай,
Ойлайды кім қалай
Мен жайлы...
Бәрін де сеземін,
Білемін.
Бағытым –
Өлеңнің аралы,
Еспейтін
Бақыттың самалы.
Тырнайтын
Сол ескі жараны.
Жақпайды,
Біресе жағады.
Күндерім, түндерім
Заманым.
Ұқпаймын,
Кім кінә тағады.
Төменге,
Түпсіз бір тереңге
Шын батып барамын.
Себебі,
Бұл өмір
Менен де қалады...
Сенен де қалады...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі