Қарайды аспандағы Ай – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Қарайды аспандағы Ай» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қарайды аспандағы Ай,
Түнектен жасқанды арай.
Жаным-ау, айтарыңды,
Айтсаңшы, астарламай.
Мені ешкім аямаған,
Аямас сені де ешкім.
Арманды аялаған,
Сүйердей өліп-өштің.
Содан соң кінәладың,
Өзіңді-өзің сөгіп.
Көзіңнен құлады ағын,
Жатқандай сезім соғып.
Басыңды көтер, енді,
Барады төзім солып.
Бітірер болдың-ау шын,
Өзіңді өзің сорып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері