Мәңгілік жайлы жыр – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Мәңгілік жайлы жыр» атты Қанипа Бұғыбаева жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 662
Ақын деген ақының жалған ақын,
Атын айтпа, даңқымен жер жаратын.
Көп шығарып не керек, от шығарған, –
Бір өлеңі болмаса таңданатын.
Дайын тұрған, өмірім, жырсың маған,
Тамшысындай ақ жаңбыр тырсылдаған.
Қатар түзеп барады қайтқан құстар,
Қанатымен көкті есіп сусылдаған.
Қайтқан құстар шертеді бір сыр маған,
Қағысымен қанаттың сусылдаған.
Қалт жібермей бірін де әсемдіктің,
Жазып жатыр төсіне тылсым далам.
Бұл жерде жүйрік те өткен, шабан да өткен,
Ақпады қанша жұлдыз сонау көктен.
Талайлар өтті өмірден шөлін баспай,
Шөл атты кеуделерде алау кеткен.
Боялып сәулесіне таңғы үміттің,
Қиянға қиялымды сан жүгірттім.
Сүйіп-күйіп соңынан таппадым мен,
Қазығы қайда екенін мәңгіліктің!
Қазығын таппай жүрмін мәңгіліктің,
Кеш батса, атар тағы таңды күттім.
Әр жанның көңілінен шуақ іздеп,
Дертке бір сағыныштай шалдығыппын.
Өң түгіл енеді ылғи түсіме өлең,
Өлеңмен жігер жанып, күшіме енем.
Жүрегім жанып тұрған шырақ болса,
Сәулесін жерге түгел түсірер ем!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәңгілік жайлы жыр өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Мәңгілік жайлы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәңгілік жайлы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мәңгілік жайлы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері