Мамырда жауған қар

Бұл бетте «Мамырда жауған қар» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1897
Мамыр айы,
Қыс па, күз бе білмедім.
Күнім салқын, қара суық түндерім.
Мамыражай майда жауған ақ қардай,
Сүреңсіз боп өтіп жатыр күндерім.
Бұл табиғат неге сонша құбылды,
Ей адамзат жоғалттың ба құныңды?!
Құдайымның жазасы ма деп қалам,
Мамырдағы қарды көріп бүгінгі.
Жатыр ма әлде оразада қарасып,
Қою бұлттар көк аспанға таласып.
Пенделерім шөлдемесін деді ме,
Ыстық күнде қаталар деп, жаны ашып.
Қарғанбайық,
Бұл да «Жаза»- демеші.
Бір Алла ғой барша әлемнің егесі.
Сол Алланың әмірімен баршаны,
Сақтап қалған, Нұқ пайғамбар кемесі.
Көрсең дағы өміріңде мұң қайғы.
Медет сұра Тәңір ұлық, тыңдайды.
Біле білсең, бұл жалғанда шөп басы,
Бір Алланың әмірінсіз сынбайды.
Ауа райын түртті екен не «Түлен»?!
О табиғат,
Бұлқынбашы өтінем.
Барлық нәрсе болса екен, тілегім,
Алла өзі жасағандай, ретімен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мамырда жауған қар өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Мамырда жауған қар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мамырда жауған қар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мамырда жауған қар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері