Қазақ халқы – Нұрғасыр Бердібек(өзім)

Бұл бетте «Қазақ халқы» атты Нұрғасыр Бердібек(өзім) жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қазақ халқы ежелден-ақ мықты болған,
Өз жұртын жауларынан сақтайтындай.
Қазақ халқы даналардай ойшыл болған,
Хандары еңбектерін мақтайтындай.
Қазақ халқы ана тілін ардақтаған,
Өзге тілге ешқашан сатпайтындай.
Қазақ халқы еңбек сүйгіш халық болған,
Күн сайын еңбек етіп жатпайтындай.
Қазақ халқы жамандықтан аулақ болған,
Жамандық қазақтарға жақпайтындай.
Қазақ халқы жорығында олжа болған,
Жеңіссіз қамалына қайтпайтындай.
Қазақ халқы ат жануарына берік болған,
Мықты етіп аттарын баптайтындай.
Қазақ халқы шаруаға жақын болған,
Жемістерін жыл сайын қаптайтындай.
Қазақ халқы сыр жасырмас халық болған,
Сырларын сары майдай сақтайтындай.
Қазақ халқы ар-ұятты халық болған,
Өз бәлесін өзгелерге жаппайтындай.
Қазақ халқы қыран құстай қырағылық
Қара түнде адасып лақпайтындай.
Қазақ халқы әйелдерге серік болған,
Артық кетіп ұрып-жығып соқпайтындай.
Қазақ халқы қазынаға қызықпаған,
Ұрлап,тонап тықпыштап тықпайтындай.
Қазақ халқы ережеге жетік болған,
Бір қимылмен бүкіл сарбаз тоқтайтындай.
Қазақ халқы ерен еңбек,ерлікті бағалаған,
Қаза болса халқыммен жоқтайтындай.
Қазақтың көріктігі арулары,
Батырлары темірдің шоқпарындай.



.


Пікірлер (3)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Жанболат

Ассалаумағалейкум!
Рұқсат болса, алып жатырмын.

Бердібек Нұрғасыр

Жанболат,не мақсатта алып жатырсыз

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ халқы өлеңінің авторы кім?

Нұрғасыр Бердібек(өзім) — осы өлеңнің авторы.

Қазақ халқы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ халқы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрғасыр Бердібек(өзім) өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ халқы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар