Үздің бе, үміт сен менен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Үздің бе, үміт сен менен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 690
Үздің бе, үміт сен менен,
Ертегім болған ертеңім.
Тербетер ерке желменен,
Жүректі нәзік желкенім.
Құм болар, сәтте тау көңіл,
Табанын тіреп жерге шың.
Саусағы басар сәуленің,
Толқынды уақыт пернесін.
Айдынға сынып батады ай,
Толқынға емес тұншығар.
Боздаған жетім ботадай,
Кеудемнен қобыз үн шығар.
Тартқандай салқын, енді өмір,
«Тамаша» десе сенбеймін.
Жер көлеңкесіндей менде бір,
Ай бетіндегі меңдеймін.
Өзің біл, келме, кел мейлің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үздің бе, үміт сен менен өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Үздің бе, үміт сен менен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үздің бе, үміт сен менен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үздің бе, үміт сен менен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері