Ақыл мен сезім – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ақыл мен сезім» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1056
Қала ішінде қыз бала адасады,
Шалт қимылға келмейді-ау шамасы əлі?
Таразының еншілеп екі басын
Ақыл, Сезім екіұдай таласады.
Бірі көкке тартады, бірі жерге,
Майдай еріп жүрегі жібігенде.
Түнде көңіл айтады көмілгенге,
Күндіз сенім артады тірілерге.
Бір жүрекке сыймайды Қала, Дала,
Қаршадай қыз қалалық бола ала ма?
Есік алды – жер ошақ, қора-қопсы..,
Есіне алды ауылын жаңа ғана.
Бір жүректі қинайды Қала, Дала,
Бала да бір ұқсайды-ау бал араға...
Ауыл естен шығады
Көзін салса
Көшедегі самсаған самалаға.
Далаңызды қайдам-ау, қала қиын,
Дəргүмəндау хал кешсе дара күйің.
Ақыл естен шығады,
Сезім шіркін
Ала қашса еркіне алақұйын!..
Болсын, мейлі, болмасын құп тілегі,
Қыз көзінде қашанда құрт жүреді...
Ақыл қалғып кеткенде,
Таныс неме
Тағы, міне, тал бойын түрткіледі.
Қалғып-мүлгіп көрген бе Сезім, сірə!
Аралыққа Төбе би – Төзім сына.
«Қырық үйден қызға сын» деген сөз бар,
Ол аз болса, өзіңді өзің сына!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақыл мен сезім өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ақыл мен сезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақыл мен сезім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақыл мен сезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері