Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 736
Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар
Ақын жанын сен ұқпасаң кiм ұғар?
Аспанда емес,
Алты қаздың əуенi
Алты қырдың ар жағынан құмығар.
Көздерiнде көлдей мөлдiр мұңы бар
Ақын жанын сен ұқпасаң, кiм ұғар?
Қара аспанның қарс айрылып қабағы,
Жаратқанның күнi қашан жылынар?
Көмбесiнде көпке жұмбақ сыры бар
Ақын жанын сен ұқпасаң кiм ұғар?
Жан жұртымнан
(Жатып алмай ен жайлап)
Ендi қашан ерiр екен сүрi қар?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері