Жаның сенiң – шаң қонбаған Шарайна – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жаның сенiң – шаң қонбаған Шарайна» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 968
Жаның сенiң – шаң қонбаған Шарайна.
Шарайнаның шарт сынбауын абайла.
Ажарына Ай сұқтанған, аяулым,
Саған емес –
Ендiм алтын Сарайға.
Сарайыңның келiстi екен кең iшi,
Шымқай бақтың шырын екен жемiсi.
Келген жанның сiлекейi шұбырып,
Көрген жанның келедi екен жегiсi.
Шын бұйырса, шырыннан кiм татпасын…
Алтынның да бiлем жолда жатпасын.
Көзiн салған көкаттыға көлденең
Көксарайдың аша берме қақпасын.
Тəн тояты табыла ма жан ұқпай,
Сарай кiлтiн сандығыңа салып қой.
Қу тiрлiктен мезi болған сəттерде
Жаныма нұр себелей гөр жарықтай.
Мен келгенде ашылғай деп шырайың,
Жаратқаннан жалбарынып сұрайын.
Атқан таңдай арайыммен аймалап,
Батқан Күндей құшағыңа құлайын!
…Жаның сенiң – шаң қонбаған Шарайна.
Шарайнаның шарт сынбауын абайла.
Ажарына Ай сұқтанған, аяулым,
Саған емес –
Ендiм алтын Сарайға…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаның сенiң – шаң қонбаған Шарайна өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жаның сенiң – шаң қонбаған Шарайна өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаның сенiң – шаң қонбаған Шарайна өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаның сенiң – шаң қонбаған Шарайна өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері