«Қу шанақтың» құлақ күйін келтірдім – Исраил Сапарбай

Бұл бетте ««Қу шанақтың» құлақ күйін келтірдім» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 682
«Қу шанақтың» құлақ күйін келтірдім,
Желігімді қоздырмаққа жең түрдім.
Көзімдегі көк шыбынды қашырып,
Өзектегі өксігімді өлтірдім.
Серілерше келіп еді серпілгім,
Көзден ақты удай ащы ертіндім.
Дара қалдым,
Жараландым,
Дал болдым
Дауа таппай дəргейіне дертімнің.
Күлге айналған ошағында өртімнің
Кемірілдім, кездіксіз-ақ кертілдім.
Емексітпей,
Елес құрлы, ең құрса,
Есігімнен енсең етті, Еркін күн?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Қу шанақтың» құлақ күйін келтірдім өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

«Қу шанақтың» құлақ күйін келтірдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Қу шанақтың» құлақ күйін келтірдім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Қу шанақтың» құлақ күйін келтірдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері