Бақ пен бап – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бақ пен бап» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 900
Бақ шаппады,
Тұлпарым ақсап тағы.
Озан салып Ордаға кіретұғын
Қайран, шабыт, қайдасың жас шақтағы?
Ат келмеді...
Ұмытты бапкер нені?
Тайдағылар мəреге машықтанып,
Қайдағылар қағынып таққа өрледі...
Құлагерім!
Үміттің сыңары едің...
У сепкендей ашылды-ау жан жарасы,
Су сепкендей басылды-ау мына көңіл.
Батыраштар,
Байбатша,
Қотыраштар...
Менменсіген мейірсіз мединеде
Мен білмейтін қаншама жатыр астар?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақ пен бап өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бақ пен бап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақ пен бап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақ пен бап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері