Тастағы таңба – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Тастағы таңба» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3494
Түмен Балтабасұлының рухына

"Маңғыстау — машайықтың басқан жері" —
Осы жыр баурап еді жастан мені.
Қиялды ертіп ала жөнелетін,
Құбылып құбылаға қашқан желі.
"Маңғыстау - майлы қиян"... деген өлең,
Самал боп есуші еді керегеден.
"Маңғыстау — пір Бекеттің туған жері",
Сол жерді көкірекке бөлеген ем...
"Маңғыстау — жер науаны"...
Марғасқа әлем —
Кеудемде жерім жайлы арбасты өлең.
Шалдарым тастап кеткен жыр — керуен,
Ізімен керуеннің жалғасқан ем.
Әуенін келтірем деп кілең салдың,
Шектерін домбырамның бірер шалдым.
Саусаққа ботасы өлген бір боз мая —
Оралды шерлі жыры Түмен шалдың.
Түмен-жыр — абақтыдан шыққан өлең,
Желімен Замананың ыққан өлең.
"Қан кешіп қабырғадан,
тойын тойлап!" —
Өксігін өзегіне тыққан өлең.

Баса ма көң көмсе де тат асылды —
Әр жолы ұлағатты бата сынды.
Сия алмай тар кеудеден тілге көшіп —
Түрмеңді бұзып шыққан,
қапасынды.
Сіңірген теңіз шуын, жел екпінін,
Сіміргем Пірлі өлеңнің ерек мұңын.
Сол бір жыр кетті үйретіп, Туған жерді
Еңіреп, жылап сүю керектігін.
Қаз басып жырдың дәмін сезгенімнен,
Өлеңнің кенін таптым өз жерімнен.
Қашалған Ел Жүрегі Құлпытас қой —
Сол тастан оқып едім Сөздерін мен.
Қылғанмын шалдар жырын жастан азық,
Жоқ шығар менде бұдан басқа жазық.
...Дүниеден көшіп жүре берген кезде —
Кетерміз біз де бір сөз Тасқа Жазып!..

1994 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тастағы таңба өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Тастағы таңба өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тастағы таңба өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тастағы таңба өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері