Үстірт жолдары – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Үстірт жолдары» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1459
Шексіз, шетсіз не деген жол шаңдатқан,
Қанша, қанша менен бұрын жан басқан.
Ен далада көзге түсер көде жоқ,
Анда-санда жолды кесе аң қашқан.
Мен арбакеш, жол бастаушы ағамыз,
Тапсырма алған – қора, жайын қараңыз.
Кеше айтқан, шопан үйі осы жер,
Зырылдатып кәзір жетіп барамыз.
...Төмпек жатыр жиегінде тақырдың,
Моласы ма шөлден өлген пақырдың?
Кім біледі, әлде мұмкін мүрдесі,
Ел айырған, жау қайырған батырдың...
...Қанша, қанша менен бұрын жан басқан,
Дәл осы жер, мүмкін бабам қан шашқан...
...Мүмкін менің дәл кәзіргі өмірім,
Шешілді ме жарқылынан алдаспан...
...Шетсіз, шексіз не деген жол таусылмас,
Асыққаннан іше алмайсың таусып ас...
...Ғажап! Қалай бірін-бірі тапты екен,
Маң далада жауласуға қас пен қас?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үстірт жолдары өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Үстірт жолдары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үстірт жолдары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үстірт жолдары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері