Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл –
Мұсабек Байзақов
Бұл бетте «Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл» атты Мұсабек Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл
Патшадай -малды кісі, кедейлер-құл.
Сұңқардай құрағытқан бауын түтіп,
Дәулетсіз қор болды ғой қайратты ұл.
Мал керек қожаға да, төреге де,
Малсызды «опат» дейді кенегеде.
«Опат» деп ойласаңдар өлгенді айтар,
Қор болды кедей сорлы мұнша неге?
Түзетіп бай салады ақтан сарай,
Кепені кедей қылар басқа пана-ай.
Ұстыны екі әлемнің ақтық құлы,
Мұхамет Қадишаға тұрған малай!
Суытып жалды ат керек жарысқалы,
Әр іске дүние керек алысқалы.
Қайран ер, жоқшылығын арман қыпты,
Алланың Әлішері арыстаны.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі