«Жаным» деп сүйдiм – Исраил Сапарбай

Бұл бетте ««Жаным» деп сүйдiм» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 803
«Жаным» деп сүйдiм,
жар құштым,
Жалған да болса «сұм жалған».
Хабарсыз қалсам, хал мүшкiл,
Күл болмай ма онда күллi арман?
Қабарып бұлттай қабағым,
Қараймын несiн əркiмге,
Қайдада жүрсең, қарағым,
«Қамыға гөрме, бармын» де.
Қарағай төсек қатты емес,
Жатқанда жайсыз жамбасқа.
Есiл де дертiм – тəттi елес
Жалғасса...
Лəззат таңға асса!.
Бармақтан тамған бал тəттi!
«Əу» деп бiр салған əн тəттi!
Талығып сүйген тəн тəттi!
Жанығып сүйген жан тəттi!
Тəттiсiң,
Балсың,
Шербетсiң...
Тағдырға жүрмес еш өкпе!
Тəңiрiм бiздi тербетсiн
Ақ жастық, əппақ төсекте.
Кiрпiгiн iлмес түн бар ма?
Бəрi де тəттi,
Тым шырын –
Ұшып бiр кетпей тұрғанда
Кеудеңнен ыршып бiр шыбын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Жаным» деп сүйдiм өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

«Жаным» деп сүйдiм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Жаным» деп сүйдiм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Жаным» деп сүйдiм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері