Мыңжылқы – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Мыңжылқы» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1185
Тау заңғары жүріске жол бермейді,
Соқпақ жолы жыландай иреңдейді.
Жүрегі ауру қайтады әудем жерден,
Ел – кәнігі, қатерден именбейді.
Бірте-бірте соқпақ жол бұраңдаған,
Тау басына апарар тұманданған.
Шыңқа бөгіп жатады таудың үсті,
Рауандап, толықсыған атқанда таң.
Бөгде-бөтен жете алмас қайран Бессаз,
Шалғынға аунап бозбастар болады мәз.
Етігімді бояған көк майсасы,
Жайлаудың сол, дариға, дәурені аз!
Шатыр тіккен аралға серілердей,
Табиғатты сүйсең сен, сүйші мендей!
Бір көріп қал жайлауды өтер болсаң –
Екі кетіп, өмірге екі келмей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мыңжылқы өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Мыңжылқы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мыңжылқы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мыңжылқы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері