Қазағымның көк туымен мақтанам…

Бұл бетте «Қазағымның көк туымен мақтанам…» атты Сайлаубай Тойлыбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бірлігім мен елдігімді сақтаған,
Сені көрсем, рухтанам, шаттанам!
Желбіреген көгімізде мәігілік,
Қазағымның көк туымен мақтанам!

Күш түскенде жүрек пенен буынға,
Жас ұрпағым, сүй еліңді, суынба.
Қыран құстың қанатымен жарасып,
Күннің көзі жарқырап тұр туымда.

Қазағымның өрнегі бар өрілген,
Қасиетіңнен айналайын, көрінген.
Қазақ деген қаным барда, жан барда,
Көк туымды құлатпаймын төрімнен!

Әрбір қазақ, игі істер жасарда,
Көк туыңды желбіретіп бас алға!
Ел намысын қорғайтұғын ұрпақ бар,
Көк туымды асқақтатар қашанда.

Бола көрме ұрпағыңа сен алаң,
Отан үшін отыңа да түсе алам.
Қасиетіңнен айналайын, көк туым,
Сені көрсем, жігерленем, күш алам!

Жарқырайды сеніменен маңдайым,
Елін сүйген, жерін сүйген жандайын.
Жер шарының қай жерінде жүрсем де,
Көк туымды қастерлеймін әрдайым.

Бірлігім мен елдігімді сақтаған,
Сені көрсем, рухтанам, шатттанам!
Ұлы елімнің даңқын көкке көтерген,
Қазағымның көк туымен мақтанам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазағымның көк туымен мақтанам… өлеңінің авторы кім?

Сайлаубай Тойлыбаев — осы өлеңнің авторы.

Қазағымның көк туымен мақтанам… өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазағымның көк туымен мақтанам… өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайлаубай Тойлыбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазағымның көк туымен мақтанам… өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері