Бесік

Бұл бетте «Бесік» атты Сайлаубай Тойлыбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

«Баланың бесігі – кең дүниенің есігі»
Төле би

Бабалардан қалған жақсы нәсібің,
Жырға қоссам, оның, сірә, несі мін?
Сәбилерін құндақтап ап аналар,
Жүрегімен тербетеді бесігін.

Жолын талай көрсе-дағы азаптың,
Көңілдегі қайғы-мұңды тазарттың.
Бабалардан келе жатқан қастерлі,
Бесік деген – киесі ғой қазақтың!

Жақсылықты жалау етіп жасқамай,
Ән айтпаушы еді «Бесік жырын» бастамай.
Арқалаған бесіктерін аналар,
Жаугершілік заманда да тастамай.

Қасиетін сол бесіктің түсін деп,
Өрнектеген өрнекпенен мүсіндеп.
Бесік деген – тазалықтың бастауы,
Сәбилердің денсаулығы үшін тек.

Бала өсірсең, жан болмайды тұрпатсыз,
Жүрміз бүгін айтып соны, шырқап біз.
Анамыздың ақ сүтінен нәр алып,
Сол бесіктен өніп-өскен ұрпақпыз!

Балаң үшін басылмайтын аптығы,
Жоқ қой оның қазақ үшін жаттығы.
Бесік деген – берекесі ұрпақтың,
Бесік деген – шаңырақтың шаттығы!

«Қатты жаппа» деген сөз бар есікті,
Бәрін-бәрін бір қасиет шешіпті.
Сәбилердің бақыты үшін баянды,
Қастерлейік, киесі мол бесікті!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бесік өлеңінің авторы кім?

Сайлаубай Тойлыбаев — осы өлеңнің авторы.

Бесік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бесік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайлаубай Тойлыбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бесік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері