Жүрген жоқпын кілкіп қазы-қартаға – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жүрген жоқпын кілкіп қазы-қартаға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1314
Жүрген жоқпын кілкіп қазы-қартаға,
Артық ақша түскен де жоқ қалтама.
Ағайындар, айтыңдаршы әділін,
Байлықпенен абыройым арта ма?
Көтеріңкі көңіл күйін қоштадым,
Тегін түсер бір тиын да тоспадым.
Көріп жиған жиһазымды жұпыны,
Ағайындар тағып жүр-ау босқа мін.
Дей алмаймын өтті талай босқа күн,
Жүрек жыры бас бәйгіге қосқаным.
Шабытымды шалқытады шалқардай,
Шын көңілмен күлімдесе достарым.
Бұл тіршілік тырбанумен өтеді,
Кей жандарды байлық пенде етеді.
Ал, мен үшін ақ пейілді адамның
Әділ айтқан бір сөзі де жетеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрген жоқпын кілкіп қазы-қартаға өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жүрген жоқпын кілкіп қазы-қартаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрген жоқпын кілкіп қазы-қартаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрген жоқпын кілкіп қазы-қартаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері