Іздеме мені

Бұл бетте «Іздеме мені» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 996
Апта мен айлар ауыспақ түгіл,
Жылдардың көші қыр асты.
Мұңдарды мұжып тауыспақ түгіл,
Жас келер көзге тым ащы.

Жаныма азық аламын кейде,
Ән-жырдан және жаңбырдан.
Керуеншіге ұқсаймын бейне,
Жүзігін артта қалдырған.

Өзгертер едім жүзігім барда,
Қысты да жасыл көктем ғып.
Бас игізбейді мендегі дара,
Тәкаппарлық пен өктемдік.

Кешіп келемін құмырсқа тірлік,
Қиялды жиып шарқ ұрған.
Ғұмырым қалды бір жарты күндік,
Іздеме мені артымнан.

Қырсықтығыма күрсініп көктем,
Шықтарын төккен таң жылап.
Кезінде сеннен көп нәрсе күткем,
Ендігі сөзің сандырақ…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іздеме мені өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Іздеме мені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іздеме мені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іздеме мені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері