Тар маңдай – Абзал Алтый

Бұл бетте «Тар маңдай» атты Абзал Алтый жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қимайсың ау аядай ғана бөлмені
Сыртқа сүйреп әкеңді жатқан төрдегі
Мың сан күнде сыр бермес асқар тауыңның
Бір ақ күнде сынды емес пе шөлмегі

Қайбір жерде бұрыс жасадым мен нені?
Кәріліктің осы ме еді жеңгені
Қазіргідей жас алғанмын көзіме
Алғаш "Әке" дегеніңде сен мені

Анашыңның бағы шығар,жарықтық
Баласының бұл бейнесін көрмеді
Сәл шыдасаң мен де білмей,алаңсыз
Кетер ме едім мекеніме жердегі

Нарыңды тастап,барыңды тастап шөлдегі
Орыныма жайғастың ба төрдегі?
Сені мақтап,алдаймын ертең анаңды
Бәрін қойшы,қынжылтады сол мені

Қимадың ау аядай ғана бөлмені
Бір аяғым жерде,бірі көрде еді
Бауыр еті шіріп түссе бүйірден
Әкеңнің де сол емес пе өлгені?!

(С) Абзал Алтый


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тар маңдай өлеңінің авторы кім?

Абзал Алтый — осы өлеңнің авторы.

Тар маңдай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тар маңдай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Алтый өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тар маңдай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар