Перiште пейiлiндей пешенелiм – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Перiште пейiлiндей пешенелiм» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 609
Перiште пейiлiндей пешенелiм,
Ұйқымды шəйдай аштың неше менiң...
Кездесiп тұрайықшы кешкi əлетте
Жонында Көктөбе мен Көсегенiң.
Кездесiп тұрайықшы демiл-демiл,
Емiнiп, еншiлесiп ерiнге ерiн...
Есiмнен жатсам-тұрсам шығар ма екен
Кербезсiп керiлгенiң, ерiнгенiң...
Есiмнен шығар ма екен тəттi өбiсiң,
«Iздеген – сұрағанға» тап келiсiң?!
Ла-Макан лəззатыңа не жетедi,
Жаралған жан болсаң да «əттең...» үшiн!
«Əттең-ай, əй, əттең-ай, əттеңайлап»
Артыңда көкемай мен көк тоғай қап,
Алдыңнан шыға келер əлем-жəлем
Шайынып таң нұрымен жатқан аймақ...
Үй бары, еске түсiп бала бары,
Жаныңды жегiдей жеп жар амалы..,
Есiктен төрге озып жантаярсың
Жадыңнан шығара алмай «жан ағаны»...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Перiште пейiлiндей пешенелiм өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Перiште пейiлiндей пешенелiм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Перiште пейiлiндей пешенелiм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Перiште пейiлiндей пешенелiм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері