Күрсініп салдық… – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Күрсініп салдық…» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 647
Күрсініп салдық…
Неліктен, неге күрсіндік?
Түбіне түннің түсіп кетті ме бір Шындық?
Селк ете қалып неліктен, неге қымсындық?
Елп ете қалып Елеске қолды ұмсындық.
Түбінде түннің тұншықса қайтем Шындығым?
Жындының кейпін кешетін, бəлкім, күн бүгін?
Ағарып таңым… ашылса екен түндігім,
Омалып барып оңалса екен тірлігім.
Күрсініп салдық…
Жатыр ма екен іште мұң,
Еңіреп тұрып ернімді неге тістедім?
Су екен десем…
У ма еді ұрттап ішкенім,
Апыр-ай, Алла-ай, қандай бір күйге түскемін?
Не болып жатыр Адамда?
Мынау ғаламда?
Тайғанап кетсем табанға тіреу табам ба?
Тар жолда, əлде, тағдырым түсіп талауға,
Шындықпен бірге жұтылып кете барам ба?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күрсініп салдық… өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Күрсініп салдық… өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күрсініп салдық… өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күрсініп салдық… өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері