Тағзым – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тағзым» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1625
Домалақ ана туралы ән

Ұлына нұр дарытқан,
қызына жыр дарытқан
ұлы Ананың шуақты шапағаты.
Талпындырған кеңдікке,
талпындырған елдікке
анамыздың киелі махаббаты.
Қайырмасы:
Ана — ғұмыр, Ана — Күн.
Дана қызы Даланың –
ұрпағына адамдықтың нәрін құйған киелім, | 2 рет
аруағыңа тәу етіп, бас иемін! |
Тамшысындай қаныңның,
діріліндей жаныңның
дидарыңның ізі бар келбетімде.
Дәстүріңді ғұмырлы,
қылығыңды, жырыңды
жалғастырып келемін Жер бетінде.
Қайырмасы.
Шаттанғаным, күлгенім –
өзің жебеп жүргенің,
куәсіндей жүрегімнен туған ән.
Сөндірмеймін шамыңды,
шырқатамын әніңді,
тамырымды қаның барда тулаған.
Қайырмасы.
1990


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағзым өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тағзым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағзым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағзым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері