Мен сені күтіп жүрмін БАЛАПАНЫМ – Жумабаева Жанна

Бұл бетте «Мен сені күтіп жүрмін БАЛАПАНЫМ» атты Жумабаева Жанна жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен сені күтіп жүрмін БАЛАПАНЫМ !!!
Бүгін, ертең келер деп алаңдадым.
Құдіретті Алладан қолдау күтіп,
Бұйрық болса берер деп бағамдадым.

Мен сені күтіп жүрмін БАЛАПАНЫМ !!!
Сол оймен кеш батып, атар таңым.
Сәтім жоқ ойламаған, ойланбаған.
"Қашан қолым жетер"-деп саған жаным.

Мен сені күтіп жүрмін БАЛАПАНЫМ !!!
Өткенімді парақтап сан ақтардым.
"Қай жерде жібердім қателік?"-деп
Өзімді жүз қаралап, жүз ақтадым.

Мен сені күтіп жүрмін БАЛАПАНЫМ !!!
Көп жағдайдан шынымен қорқақтадым.
Беріп тұрып қайта алған бір кездері
Е, Аллам оны қалай ұмытамын.

Мен сені күтіп жүрмін БАЛАПАНЫМ !!!
Бұйрығына көнемін жаратқанның.
Күтемін амалым жоқ үнсіз ғана.
Мен өзі күту үшін жаралғанмын.

Мен сені күтіп жүрмін БАЛАПАНЫМ !!!
23-жыл күткенмін, күте аламын.
Тек соңы қуаныш болса болды.
Одан басқа жоқ екен басқа айтарым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері