Алмас Курманалиұлы – Жумабаева Жанна

Бұл бетте «Алмас Курманалиұлы» атты Жумабаева Жанна жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алдына сәби сұрап келгенімде
Лезде үміт ұялатты көздеріме
Мейірімге толған ғажап сөздерімен
Алға қарай жол ашты ертеңіме
Сенім оты лаулағандай жүрегімде.
Күлкі орнады жайдарлы жүздеріме
Уақыттың өткеніне қарама деп
Ретімен жол ашқандай ертеңімн
Мақтап айтар еңбегі болғаннан соң
Айтамын бар сөзімді жеткенінше
Нағыз адам кім десе айтар едім
Алмастай жан келмеген бұл өмірге
Лүпілдеген жүрегі сене ме екен
Игілікті іс жасап жүргеніне
Ұлы деп ел шынайы баға берді
Лайықты болғаннан соң еңбегіне
Ылайым себепші бол көбеюге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері