Кешірші әке – Жумабаева Жанна

Бұл бетте «Кешірші әке» атты Жумабаева Жанна жазған әке туралы өлең берілген.

Кешірші әке, қадіріңді білмедім
Өстім жеттім әке мүлде өзгердім
Балалығым қадіріңді білмепті
Егде жасым қызығады әкесіне өзгенің

Балалығым мен еместей қазіргі
Балалығым көп нәрседен жаңылды
Сіз қасында жүрген кезде ол мисыз
Көр соқыр боп көре алмапты асылды

Өзімшіл бір ақымақтай жүрген бе
Өзім өзім деп өзіне сенсен бе
Бар болғанда қадір тұтпай ол неге
Іздеп аңсап жүр сағынып өлгенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері