Салмақ салып қу тағдыр таланыңа
Бұл бетте «Салмақ салып қу тағдыр таланыңа» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Салмақ салып қу тағдыр таланыңа
түскен кезде сыны мен сарабына.
Айтар сөздi айтпастан тұншықтырып,
қанша сөздiң қалдық бiз обалына.
Айтар сөздi айтпастан жасқанып бiз
қаншама рет жер құшып жастаныппыз.
Бүгiп қалып,
жасырып,
қайта жұтып
қанша сөздi өлтiрiп тастадық бiз.
Талай өттi шайқасып алысқан кез,
сөздерменен шарпысып салысқан кез.
Сол сәтте де қалады кейде айтылмай
айтылуға тиiстi арыстан сөз!
Айтар сөздi айту да,
ұлы ерлiк-ау,
айта алмастан қаншама түнердiк-ау,
Кеудемiзге арқандап ақын сөздi,
батыр сөздi батырып жiбердiк-ау.
Өзiнше бiр тiрлiктiң түрiн түстеп,
шiкiрейiп отырған үнiн күштеп.
мырза сөзге төрдегi түк айта алмай,
босағада бiр сөз түр тiлiн тiстеп.
Тiке қарап тағдырдың таяғына,
айту керек қарамай адамына —
оралмасын десең сен түлкi сөз бен
мияулаған мысық сөз аяғыңа!
Салмақ салып қу тағдыр таланыңа,
түскен кезде сыны мен сарабына.
Айтар сөздi айтпастан тұншықтырып
қанша сөздiң қалдық бiз обалына.
Жалған айтып сөз неге жағынады?
Құса болып сөз неге зарығады?
Обалына сөздердiң қала берме,
атар бiр күн сөздердiң әруағы!
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі