Жайлауда

Бұл бетте «Жайлауда» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 6064
Өткізген ем аз күнді,
Жайлау қандай тым қызьқ.
Деді атам: «Бас білдір», –
Асау тайға мінгізіп.
Жүрек тулап сол замат,
Кетті көзім бұлдырап.
Айт-шу десе болғаны-ақ,
Тайым шабар құлдырап.
Балалары малшының
Маған күле қарайды.
Шаппай жатып, бар шыным,
Құламасам жарайды.
Қарадым бір маңыма,
Намыс оты жалындап.
Жабысып тай жалына,
Шауып кеттім арындап.
Ай, бір кезде кенеттен
Мұрттай ұштып құладым.
Балаларға не бетпен
Қараймын деп жыладым.
Болғаныма табансыз
Қатты ұялдым, қысылдым.
Жас төгудің жарамсыз,
Іс екенін түсіндім.
Балаларға байқаған
Жібермедім ақымды.
Қарғып мініп қайтадан,
Тайға бастым тақымды.
Жоқ, бұл жолы кәйтем деп,
Зәре-құтым қашпады.
Астымдағы тай тентек
Жайлап желе бастады.
Осылайша тұңғыш мен
Жайлауменен таныстым.
Әрең-әрең мінгізген
Тентек таймен табыстым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайлауда өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жайлауда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайлауда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайлауда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері