Әншінің үйіндегі ой

Бұл бетте «Әншінің үйіндегі ой» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1881
Көп қой, шіркін, өмірде сый түрлері,
Дауысың қандай нәзік сыйқырлы еді.
Жатыр ма еді ішіңде шер мен нала
Япыр-ай, жай жымиған сыртың ба еді.
Әнменен жеткізгендей жүрек сырын,
Неліктен құлазыды жүдеп түрің.
Ән салсаң құбылады ажарың да
Арқанда тарқатылып жібек бұрым.
Бабына келтіргенде "Алқоңырды",
Ән баурап бір өзіне алды өңірді.
Әнмен тербетесің, жұбатасың,
Пернесі дәл басқандай қамкөңілді.
Қайдағы зарлы әніңмен жылатасың,
Артынша еркелете жұбатасың.
Ән үшін туған жансың арманың жоқ,
Өнердің танымаған кім атасын.
Самал ескен қашан да дауысыңнан,
Сен бір жансың арылмас жаны сырдан.
Сен дағы мөлдір бұлақ сияқтысың,
Сыңғырап құлап жатқан тағы шыңнан.
Шырқайсың, сызылтасың, сыңғырлайсың,
Көңіл домбыра, құлағын мың бұрайсың.
Сайраған ыстық күнде шырқау көкте
Көзіме бұлбұлдайын бұлдырайсың.
Егілте айтқанында "Әупілдекті",
Басына "Көктұманның" даусың жетті!
Гүлдариға" немесе "Алтайыңмен",
Үйіресің тыңдаушы, даусыз, көпті.
Бабымен "Назқоңырды" аңыраттың,
Сексенкөлді тағы бір жамыраттың.
Оқжетпестің шоқысын жалт қаратып,
Кербез-Көкше қабағын жадыраттың.
Сен қашан ән айтудан толастадың,
Әнге бөлеп қазақтың кең аспанын.
Жақсы ән үшін аз ба екен жанын қиған,
Мен сенің дарыныңа таласпадым.
Бұл өмірде сен әнсіз жетімдейсің,
Сен онсыз құлаш сермеп, көсілмейсің.
Әнді сүйген жүрегім табынады,
Артық кетсем, бұлбұлым, кешіргейсің.
* * *
Кейбіреуді жаратыпты жасық қып,
Кейбіреуді жаратыпты пасық қып.
Кейбіреуді жаратыпты япыр-ай,
Сұлулықтың барлығына ғашық қып.
Есеюге тым ертерек асықтық,
Тау бұлағын кеудемізде тасыттық.
Содан қалып қойса керек мінезде,
Тау гүліңдей ашықтық.
Іздегенім жанға лайық жарасым,
Аңсағаным қыран шалмас дара шың.
Бір өзіңе ерік берем жастығым,
Көп болған соң менен сенің аласың.
Қара тасты семсердейін тілсең де,
Күш-қуатым, еркіндігім бір сенде.
Шынайылық — мендегі бар болғаны,
Жыласам да, бар даусыммен күлсем де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әншінің үйіндегі ой өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Әншінің үйіндегі ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әншінің үйіндегі ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әншінің үйіндегі ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері