Балдақты жігіт – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Балдақты жігіт» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Балдағы бар бір жігітті көрдім де,
Қасақана сауал бердім келдім де:
- Ғафу, жолдас! Көрінбейд бір аяғың,
Кешегі өткен сұрапылда бердің бе?

Жігіт екен! Жауап тапты тосыннан
(Бір ғажайып күлкі ойнады ернінде):
-Көріп тұрсыз, бір аяғым осында,
Екіншісін тұрмын басып Берлинде.
1949 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері