Өлең, жыр, ақындар

Сырттан

  • 09.04.2018
  • 0
  • 0
  • 7769
Сұлтан деген баланың
Болды мойнақ күшігі,
Мойынында қарғысы,
Тап-тұйнақтай үйшігі.
Күндіз кіріп үйшікке
Ұйықтайды, дем алады;
Түні бойы көз ілмей,
Есік алдың бағады.
Кісі келсе, ит келсе
Шәуілдеп кеп үреді,
Өзінен мықты жоқтай-ақ,
Балпан, басып жүреді,
Сұлтан оған «Сырттан» — деп,
Ат қойыпты қадірлеп,—
Еркелетіп өсірді,
Көрген емес жәбірлеп.
Күндердің бір күнінде
Сұлтан бала ержетті;
Жігіт болды кәдімгі,
Кең иықты, келбет?
Кек жал қасқыр секілді,
Төбет болды Сырттаны;
Бәс дегенің қауғадай,
Салбыраңқы ұрттары.
Манайдағы иттердің
Патшасындай басалы,
Ит біткендер
Сырттанды
Есіңе алса, сасады.
Талайын - ақ жұлқылап,
Алқымынан сыққан-ды.
Сұлтан үйде жоқ болса,
Сағынғандай үретін,
«Келер кезі болды»,— деп,
Жолын тосып жүретін.
Көре қалса Сұлтанды
Арсалаңдап, еркелеп,
Шапшитын кеп мойнына,
Қыңсылайтын еркелеп...
* * *
Кенет бір күн сұм Гитлер
Шапты бізге қасқырша,
Елімізге оқ атты,
Бұғып келіп ұрыша.
«Қорғаймыз,— деп Отанды!»
Тастүлектей түйілдік,
Кекке толы кеудеміз,
Көк болатты үйірдік.
Бізбен бірге Сұлтан да
Эшелонға отырды;
Жүргізем деп дәл қазір
Паровоз да өкірді.
Сол мезетте вокзалда
Көрдік біздер Сырттанды,
Жерді искелеп, жүгіріп,
Жүрді іздеп Сұлтанды.
Көрді Сұлтан Сырттанын,-
Шақырмады, тан қалды
«Япыр-ай қалай келді екен,
Қалған еді байлаулы?»
Сұлтан мінген вагонды
Тапты Сырттан искелеп,
Үріп - үріп жіберді
Дәл есікке жақын кеп.
Сұлтан итін қимады,
Тастағысы келмеді,
Ит ерткендей жай бар ма,
Командирі көнбеді.
Сонда Сұлтан ақырып,
Сырттанға «үйге кет»,— деді
Қорқытса да, ұрса да
Сырттан тіпті кетпеді.
Паровоз да ышқынды,
Вагондарды сүйрелеп.
Сұлтан итін ойлады:
«Қайтады ғой үйге»,— деп.
Жиі-жиі дем алып,
Жер жаңғырта айғайлап,
Заулады кеп паровоз,
«Қайдасың»,— деп майдан жақ
«Сырттан үйге кетті ме?»
Деген оймен ер
Сұлтан Есігінен вагонның,
Қарады да, болды аң-таң;
Көз көрімде, алыста —
Кішкентай боп домалап,
Келе жатыр Сырттаны
Эшелонды қуалап.
Келе жатыр Сырттаны,
Келе жатыр әлі еріп,
Алыстағы сәуледей
Бір жарқ етіп, бір сөніп.
Эшелон кеп тоқтады
Екі-үш сағат жол жүріп,
Жетті Сырттан алқынып
Бір сүрініп, бір үріп.
Үсті-басы ақ көбік,
Тілі кеткен салақтап,
Солқылдап қос өкпесі,
Есі шығып, алақтап,
Сұлтан мінген вагонның.
Сұлап түсті алдына,
Ұлып-ұлып жіберді,
Ышқына дем алды да.
«Сырттан!» деген Сұлтанның
Даусы бір-ақ сақ етті;
Қарсы ұмтылып
Сырттанның
Көзінен от жарқ етті,
«Жібермеймін» дегендей,
Жасы, тері моншақтай.
Екі аяғын Сұлтанның
Жатып алды құшақтап.
Жұрттың бәрі аяды,
Аяп кетті командир,
Сұлтанға ол келді де,
Деді: «Мұны алып жүр».
Сұлтан итін көтеріп,
Алып кірді вагонға,
Арсалаңдап мәз болып, .
Қуанды - ау бір ит сонда...
Сұлтан жетті майданға,
Жетті бірге Сырттаны;
Тарсыл, гүрсіл бір дүние
Сырттан мәнін ұқпады.
Бар білгені, баққаны —
Иесінен адаспау,—
Бір айнымас мінезі —
Сұлтан жауы — оған жау. —
«Сырттан, Сырттан, Сырттан» деп,
Ет желетті солдаттар,
Бір взводта бір өзі
Болған соң, не кемдік бар?
Әр солдаттан сый кәріп,
Кетті Сырттан семіріп,
Асыр салып ойнайды,
Әлденеге еліріп.
Сұлтан болды барлаушы,
Түн жамылып кетеді,
Автоматын алға ұстап,
Итін бірге ертеді.
Талай рет ер Сұлтан
Аңдып бақты фрицті;
Серік болды Сырттаны,
Білдіріп жат иісті.
Талай рет ер Сұлтан
Жекпе жек те шайқасты,
Алқымында фрицтің
Сырттан тісі айқасты.
Күндердің бір күнінде,
Сұлтан қалды қоршауда,
Қауіп төнді, «не істемек?»
Жалғыз өзі көп жауға.
Қағаз жазып тезбе-тез
Ит мойнына байлады,
«Взводқа тез жеткіз»,— деп
Жұмсады итін айлалы;
Ит болғанмен білетін
Иесінің ниетін,
«Жат», десе тыныш жататын,
«Үр», десе кеп үретін.
Тек осы жол азырақ
Түсіне алмай дағдарды,
Бара түсіп, қайтып кеп,
Дел-сал болды, сандалды.
Кім біледі, әлде ол
Қимай жүр ме иесін,
Айтар еді, тілі жоқ,
Ойын қайдан білесің?
Итіне бір қарады
Ашуланып ер Сұлтан,
«Кет» — деп қатты зекіріп,
Салып қалды тұмсықтан.
Сонда ғана түсініп,
Сырттан сызып жөнелді,
Жер бауырлап, жылысып,
Кетті асып бір белді.
Көп жүгірді тоқтамай,
Взвод жатқан бекініс,
Тапты соны оп-оңай.
Взводтағы' жігіттер
Көре салып Сырттанды,
Тез түсініп бір гәпті,
Мойнындағы хатты алды.
Сапылдатып тілімен
Екі-үш рет су жалап,
Бөгелместен ізінше
Сырттан кетті абалап.
Бұ кездерде ер Сұлтан
Арпалысып, арбасып,
Жауларына жағалай
Жатыр еді оқ шашып.
Айнала жау андыздап,
Қалып еді жақындап,
Он шақтысы оққа ұшып,
Қырық шақтысы жалпылдап,
Жер бауырлап, еңбектеп,
Тасбақаша тырбанып,
Жалғыз ерді жеңе алмай,
Кете жаздап жынданын,.
Нұрсыз шегір көздері
Қанға толып, ышқынып,
Келіп қалды жақындап,
Оқ жыландар ысқырып.
Нақ сол кезде белестен
Сырттан шықты арсылдап,
Және сол кез естілді
Ат тұяғы тарсылдап.
Мұны естіп фрицтер
Үркіп ала жөнелді,
Мылтықтарын лақтырып.
Шеше тастап шинельді.
Келе жатты бір взвод
Қылыштарын үйіріп,
Жау басына нажағай
Атар бұлттай түйіліп,
Нақ сол кезде ер Сұлтан
Атып тұрып орнынан,
Автоматтан боратып,
Түсті жаудың соңынан.
Взвод жетті арттағы,
Жер сілкінтіп, «Уралап!»
Өте шықты еңсеріп,
Фридтерді туралап.
Офицері немістің
Ж.алғыз ғана сол қалды,
Секірді де бір жардан
Зым-зия боп жоғалды.
Көп іздеді жігіттер
Сезілмеді дәне де.
Арты жар да, алды өзен,
Қайда кетті ол неме?
Сырттан жүрді жүгіріп,
Су жағасын искелеп...
Бір мезетте секіріп,
Өршелене үрді кеп.
Сұлтан сонда «айт?!» деді,
Сырттан кетті күмп беріп,
Өзеннің өр толқынын
Кеудесімен итеріп.
Офицері немістің
Мекен етіп су түбін,
Отыр еді, аузына
Тістеп қамыс түтігін...
Сырттан барып бассалды,
Зәре-құтын қуырып,
Су бетіне серейтіп,
Алып шықты суырып.
Мұны керіп жігіттер
Күліп тұрды қарқылдап,
Сырттан жүзіп келеді
Офицерді алқымдап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен фашиссің, мен қазақпын!

  • 0
  • 0

Сен фашиссің, мен қазақпын,
Сен айтқандай «азиятпын».
Сен аспаннан «жұлдыз қақтың»,
Қасым Аманжолов

Толық

Ленин туралы баллада

  • 0
  • 0

Ленин
Алды бір күн
Ақтық демін.
Аза күйі

Толық

Біз - Отанның солдаты

  • 0
  • 0

Біз - Отанның солдаты
Батыс бардық,
Балқан бастық бөктерлеп,
Қасым Аманжолов

Толық

Қарап көріңіз