Өлмес өмір өлеңі – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Өлмес өмір өлеңі» атты Қасым Аманжолов жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

«Ез тірліктен ер өлім
Артық екен дер едім!» -
Деп кірді ол майданға,
Өтті құздан, сайдан да...

Жер бауырлап жығылды,
Табаны бір тайғанда.
Ақтық рет күш жиып,
Күліп еді-ау жымиып...

Қайран өмір сәулесі
Келбетінде қалды ұйып.
Тоңазыған болаттай
Тынып бір кез, оқ атпай,
Тұрды қоршап достары,
Ажалды оған жолатпай.

Командирі сөйледі:
- Шіркін, сабаз ер, - деді,
Мықтап тұрып бір түйді
Ұзақ жолын жердегі.
Жер денесі шымырлап,

Елжіреді күй тыңдап...

Жауға ұмтылды достары,
Кеудеде кек бұрқылдап.

«Мүмкін, тірі жүр шығар?»
Деп жұбанды сұлу жар.
Дәл осылай жадырап,
Жаңбырдан соң күн шығар.

...Көңілінде басқа күй,
Уілдейді жас сәби.
Әкесі кеп енгендей
Нұрға толы бастағы үй.

Өлуші ме ед ер шіркін!
Сілкінді ол бір дүркін.
Келе жатты аралап
Өзі туған ел-жұртын.

Кремльге ол барыпты,
Алтын Жұлдыз алыпты.
Келді таяу үйіне
Ертіп бүкіл халықты...

Жар жүрегі дірілдеп,
Ұмтылды ана: «Ұлым!» - деп.
Арасында гүлдердің
Тұрды батыр күлімдеп.

Тұрды қарап тіл қатпай,
Қысылғандай сөз таппай...
«Өлмес үшін бір өлдім»
Деген ойын тұрды айтпай.

1948 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлмес өмір өлеңі өлеңінің авторы кім?

Қасым Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Өлмес өмір өлеңі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлмес өмір өлеңі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлмес өмір өлеңі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері