Қайда Ай, Күн? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қайда Ай, Күн?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 774
Қайда Ай, Күн?
Қайда айдын?
Қайда бақ?
Қар жауып тұр мамық, үрпек, майдалап.
Құдайым-ау, ендi қашан көктем кеп,
Ендi қашан көңiл құсы сайрамақ?..
Ендi қашан мамырайқан жасыл бақ
Екеумiздi ел көзiнен жасырмақ?
Ертегiдей… ақыл-естен айырып
Ендi қашан əппақ гүлдер ашылмақ?
Ендi қашан етек-жеңi аядай
Екеумiзге есiк ашар Саяжай?:
Арманымды ақ бесiкте əлпештеп,
Ардағымды отырар ма ем аялай…
Танакөзiн ашып-жұмып сан жұлдыз,
Таң алдында қалжырармыз, қалғырмыз…
Сағымдағы Сағынышым болмағай
Жанымдағы жамылғысыз жалғыз Қыз?
Құдайым-ай,
Түсiп кеттi-ау бəрi еске…
Салқын сабат сарқындыдай, кəне, ессе!
…Қиял – менiң көгiмдегi көкдөнен,
Арман – менiң белiмдегi нəресте.
Қар жауып тұр…
Бабында əлi кəрi Ақпан,
Қансонармен қанжығасын қанатқан.
Келте өмiрдi ертегiңмен ұзартып,
Ертеңiмдi есiркей гөр, Жаратқан!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайда Ай, Күн? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қайда Ай, Күн? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайда Ай, Күн? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайда Ай, Күн? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері