Қанқұйлы жау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Қара тулы қанқұйлы жау,
Көрсем деуші ем азғаныңды:
Шұлғауыңды етіп жалау,
Өзің қылғып өз қаныңды,
Іріп-шіріп тозғанынды.

Арманым жоқ, өз көзіммен
Көрдім бәрін, болды тілек.
Қасиетті отты зілмен
Көкірегімде қайнаған кек,
Төгіл жауға! Тула, жүрек!

1943 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанқұйлы жау өлеңінің авторы кім?

Қасым Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Қанқұйлы жау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қанқұйлы жау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасым Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанқұйлы жау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері