Тыншымады көңілім, тыншымады – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Тыншымады көңілім, тыншымады» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тыншымады көңілім тыншымады,
Тыншымастан қай жаққа құлшынады?
Бірде күндей жап-жарық, бірде түндей,
Жанып-өшіп жанымның мың шырағы.
Жанып-өшіп жанымның мың шырағы,
Жүрегімнен бір мұңлы үн шығады.
Көмейіме кептелген көздің жасы,
Қосарлана о да тұр ыршығалы.
Сапарымның білемін сәттісін де,
Өмірімнің білемін тәттісін де.
Құшағына көмілдім күнәһардың,
Құшағымда тұншықты пәк мүсін де.
Жанға тыным сонда да болар емес,
Қыран-арман қолыма қонар емес.
Бақытсыз да емеспін, бағасыз да,
Бірақ, бірақ көңілім толар емес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыншымады көңілім, тыншымады өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Тыншымады көңілім, тыншымады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыншымады көңілім, тыншымады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыншымады көңілім, тыншымады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар