Балалар — біздің болашақ – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Балалар — біздің болашақ» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 12416
Балалар — біздің болашақ,
Сүйсінеміз, сүйеміз.
Бұл болашак тамаша-ақ!
Болашаққа иеміз.
Көтеріп жас сәбиді,
«Күлші, бөпе, күл!» — дейміз.
Көңіл дария шалқиды,
Балалармен гүлдейміз.
Алға кетіп барамыз
Болашақты құшақтап.
Жыламайды баламыз
Көзден жасы бұршақтап.
Жыламайды баламыз,
Жылатпаймыз еш уақыт.
Бәрі бізде, қараңыз:
Өмір, өлең, күш, бақыт!
Алтын оты үміттің,
Көзіміздің қарасы;
Балапаны бүркіттің
Біздің елдің баласы…
Түстік Корей көгінде
Жүр айналып қара құс.
Құмартады ол өлімге,
Қызу майдан қан соғыс.
Өлген ана жанында
Еңбектейді жас бала.
Шашақ атқан шағында
Бұл не деген масқара?!
Сұмдар қаңғып даланы,
Өлім екпек болады.
Дүниеде барлық баланы
Жетім етпек болады.
— Тарт колыңды баладан!
Өңшең жауыз сүмырай!.. —
Деп түр бүгін әр адам,
Көкірегіне кек сыймай.
Жыламайды баламыз,
Жылатпаймыз еш уақыт!
Бәрі бізде, қараңыз:
Өмір, өлең, күш, бақыт!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балалар — біздің болашақ өлеңінің авторы кім?

Қасым Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Балалар — біздің болашақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балалар — біздің болашақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасым Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балалар — біздің болашақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері