Бурабай Баурайында

Бұл бетте «Бурабай Баурайында» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 815
Армысың, ардагер жер, ардақты шың,
Сен сері – сымбаттысың, салмақтысың;
Рахатқа батырасың келген жанды,
Сіміртіп самал – саумал, шәрбат – шырын.
Сепкенде күннің көзі таңғы нұрын,
Суреті қандай керім сал қырыңның:
Жондарың құлпырады құндыздайын,
Желкілдеп қайың – бантик, тал – бұрымың.
Көлбеңдеп көз алдымда қойтастарың,
Кеудеме түйдек-түйдек ой тастадың.
Бикештей Биші қайың ырғалады,
Шортанды шырқағандай той бастарын.
Жер бар ма маған сендей қымбаты асқан,
Сиқырлы сыр ұғамын Жұмбақтастан;
Оқжетпес жырау бабам сияқтанып,
Тұр, әне, ұрпағына жырлап дастан.
Манаурап жататұғын алып тыным,
Киең де, елге мәлім, алыптығың!
Уа, айым, нуға байым, Бурабайым,
Жәннәтім, жерұйығым, жарықтығым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бурабай Баурайында өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Бурабай Баурайында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бурабай Баурайында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бурабай Баурайында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері