Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Бақытты жырлап мен ылғи

Бұл бетте «Бақытты жырлап мен ылғи» атты Қанипа Бұғыбаева жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 514
Бақытты жырлап мен ылғи,
Елтіген талай шағым бар.
Құбылып ауа, көңіл күй,
Құбылып қашқан сағымдар.
Теңізді жырлап дүрліккен,
Шағала болып ұшқамын.
Ашқарақ мынау тірліктен,
Ашынып өткен дұшпаным.
Көрмеймін түкті тағдырдан,
Жолымды қалсам таба алмай.
Сезімнен жауған жаңбырдан,
Бусанып жатам даламдай…
Табысқан шақта жыр – көктем,
Гүлдерге бөлеп жотаны,
Құшағыма бір көктен,
Жұлдыздар құлап жатады…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақытты жырлап мен ылғи өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бақытты жырлап мен ылғи өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақытты жырлап мен ылғи өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бақытты жырлап мен ылғи өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері