Баспалдақ – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Баспалдақ» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 989
Алтыда табаныма от бастым да,
Шыр еттім алғашқы ауыр соққы астында.
Тал қармап тағдырыма қарсы ұмтылдым,
Көміліп дөңбекшіген көк тасқынға.
Құлашты биікке еркін жая алмадым,
Келмеді, ілбісем де, аялдағым.
Тебініп темір үзер албырт шақта,
Қолыма күрек ұстар таяқ алдым.
О баста налысам да күйіп-жанып,
Қалмадым қасіреттің үйін бағып.
Дүлейге кеуде тостым, абзал жанды
Анамның жыр желісін жиып алып.
Жойқында салынды боп құйылмадым,
Тағдырдың таптап өттім қиын жарын.
Сый етіп алдарыңа т арттым, достар,
Жемісін алғашқы бір жиырманың.
Кешірім, кейде баяу жол аттасам,
Әзірге мүмкін, әсте, олақ басам.
Арман не, шыңға шығар сапарымда
Орнымды өз ортаңнан жоғалтпасам.
Ортақ сыр. Сендерден жоқ басқа арманым,
Өмірден жетіммін деп жасқанбадым.
Жырымның жолдарында жатыр менің,
Күреспен көтерілер
баспалдағым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баспалдақ өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Баспалдақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баспалдақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баспалдақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері