Май айы – Медеу Демеу

Бұл бетте «Май айы» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 4299
Жанымда кейде мұң да бар,
Жүрмейтін кейде тасып көп.
Айтарым осы тыңдап ал,
Сендерге өтем ғашық боп.

Май таңы атты арайлап,
Тыныштық тілеп әр күннен.
Май менен саған қарайлап,
Өтермін мәңгі,бәлкім мен.

Жүректі ерек тербейді,
Ақын-ау, айтшы, қайда өлең?
Жанардың оты сөнбейтін,
Ғашық қып мені қойды ерен.

Қанаттай қатар бірлесіп,
Парадқа жүрші шығайық.
Жүректер жатса үндесіп,
Етер-ау дейсің, кім айып.

Қашанда жаның ұқтырсын,
Сырларды жұмбақ беймәлім.
Биыл да бізге құт қылсын,
Махаббат-майдың мейрамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Май айы өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Май айы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Май айы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Май айы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері