Ақын өлді – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ақын өлді» атты Қанипа Бұғыбаева жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 669
Ақын өлді...
Сөз етуде ел дарынын,
Көрсең оның қара киген аруын.
Жанып тұрып ойда жоқта мезгілсіз
Сөндірген бір үй секілді жарығын.
Солып қалған гүл секілді қайғыдан,
Қара тұтқан қабақтан көп жайды ұғам.
Тұтқын болып ақын өлең арнаған
Көздеріне қарай алмай қаймығам.
Көзден бұлбұл ұшып кеткен күміс бақ,
Ай сәулесін жүруші еді уыстап.
Ақын жары жапырақтай сарғайған
Газеттің жыр қиындысын жүр ұстап...
Сол газетке сыйған Отан, байтақ қыр,
Сыйған сынды шексіз арман, ой тапқыр.
Қаралы ару алақаны ұя боп,
Ақын жырын балапандай шайқап тұр...
Жапырақтай қағаздан тұр қан жүріп,
Жыр жүрегі соғар солай мәңгілік.
Аттанарда ақын алыс сапарға
Кетті бәрін аманатқа қалдырып.
Жиған «мүлкін» газеттерден қиып көп
Жасты көзбен суретін жүр сүйіп тек,
Жапырақ сыр бәйтерекке айналып
Балапан жыр ұшуы үшін биіктеп...
Жұбатуға қандай сөзді айта алам,
Мен бір сырды сияқтымын байқаған,
Әйел көңілі талпынғандай ақынды
Тірілтіп бір алу үшін қайтадан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын өлді өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ақын өлді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын өлді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын өлді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері