Өткенін өксіген адвокат

Бұл бетте «Өткенін өксіген адвокат» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1808
Ақаң байғұс қартайып қалыпты,
Тірсегі майысып талтайып қалыпты.
Бұрынғы сұлу құрықтай мойын,
Сүмбідей түзу, шыбықтай бойын
Жаза алмай түзу, құрысып қалыпты.
Беті де тозып тырысып қалыпты,
Мойылдай мұрты қияқтай еді,
Сұп-сұлу жігіт сияқты - ақ еді,
Көзі де өткір ойнақтап тұрды,
Отызға дейін бойдақ боп жүрді.
Атжақты келген қызыл шырайлы,
Кішіпейіл, сөзі де райлы,
Ең алғаш елге сот болып келді,
Заңды қорғағыш от болып келді.
Ақ бас сөйтіп "Ақаң " атанды,
Сол көзін айтсаң көзіне жас алды.
Жүйрік те мінді, сұлу да сүйді,
"Қызарған жаққа " қырғидай тиді.
Бірін алып, бірін тастады,
Сөйтіп Ақаң бұзыла бастады.
Арақ-шарапты судай сапырды,
Азулы кезде арыстандай ақырды,
Күндерден күн өтіп жатты,
Өткенге салауат кетіп жатты
Ақаң енді "Ақ бас та " атанды.
Бірте-бірте қақбас та атанды.
Сомпиып бір күн соттықтан қалды,
Жалындап жанған оттықтан қалды.
Айналып келіп "адвокат " болды,
Оқ салмай атылатын "автомат "болды.
Жастарды жатып сынайтын болды,
Өткенін айтып жылайтын болды.
"Баяғыда біз қандай едік,
Қызметкердің маңдайы едік,
Атақты судья Ақбас атандық,
Енді мынау "қақбас " атандық.
Кешегі өңкей сопляктар,
Түк түсінбейтін ақымақтар,
Біздерді билеп төстейтін болды,
Үстімізден түспейтін болды ",
Арғы - бергіні боқтайтын болды,
Өткенін өксіп жоқтайтын болды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткенін өксіген адвокат өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Өткенін өксіген адвокат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткенін өксіген адвокат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткенін өксіген адвокат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері