Масылбай – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Масылбай» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1429
Қыс қылышын сүйретіп,
Жалт еткенде жасылдай,
Жастықтан басын көтерді,
Амалсыздан Масылбай.
Жаз басында орғызған,
Пішені жатыр тасылмай.
Жел де биыл желікті,
Тұрып алды басылмай.
Мал қора жоқ мақтайтын,
Мұның да жайы осындай.
Тесігі есікке айналып,
Есігі қалды ашылмай.
"Бітпеген біз де жұмыс жоқ!"
Деген де даңғой Масылбай,
Қысылғанын терлеген
Маңдайы тұр жасырмай.
Масылбай барған бір үйден,
Қалмайды қазан асылмай.
Түбінен ұрған шыныдан,
Он рет тығын ашылмай.
Қалған емес, япырмай,
Үй көрсе тұра қалады,
Дайындалған асындай...
Сонымен күзді өткізді,
Қызуы бір басылмай.
Бүйте берсе Масылбай,
Қорасыз, шепсіз суыққа,
Малын қалмас қатырмай.
* * *
Қолынан түк келмейтін,
Тоғышарлар осындай.
Колхоздан қашан кетеді,
Еңбектің қутын қашырмай?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Масылбай өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Масылбай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Масылбай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Масылбай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері