Кімге не артық – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Кімге не артық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5929
Тәкәппарға көз артық —
Көріп тұрып көрмейді.
Жарымеске сөз артық —
Жөн сөйлеуді білмейді.
Не істесе де оңдырмас —
Артық қолы олақтың.
Тілазарға тыңдамас
Қажеті жоқ құлақтың.
Ғұмырында, әр уақта,
Түк істемес құмартып,
Жалқауларға
Құлақ та,
Көз де,
Қол да,—
Бәрі артық!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері